Қытайда мамыр мерекесі елдегі экономикалық ахуалды көрсетіп берді

Еңбекшілер күніне байланысты Қытай халқы мамырдың бірінен бесіне дейін демалысқа шығады. Осы сәтті пайдаланып, мемлекеттің тұрғындары ел аралауды жоспарлауда. Алдын ала мәліметтерге сүйінсек, былтырға қарағанда әуе билеттерін броньдау саны 25 есеге өсті. Кинопрокат саласында да болжамдар жаман емес. Мұнда кассалық жинаулар 2019 жылдан 11%-ке өсулері мүмкін.

Биыл Қытайда еңбекшілер мерекесінде туризмнің дамуы қарқын алмақ деген болжам бар. Қазірдің өзінде әуе билеттеріне сұраныс күрт артқан. Сол себепті әуе компаниялары қосымша рейстер ашып жатыр. Есесіне бағалар шарықтап тұр. 2019 жылға қарағанда билет құны 20%-ке өсті. Дегенмен, сұраныс көп бағыттарға адамдар легі ағылмақ.

БЛИЦ: 

- Мен елордаға басқа жерден қыдырып келдім. 

- Мен қалада қаламын, себебі мереке күндері қайда барсаң да адам өте көп болады. Меніңше, ешқайда бармау жақсы.

Бейжің секілді ірі қалалардың көрнекті жерлеріне билеттер тез сатылып жатыр. Мысалы, ел астанасының император тұрған сарайына, яғни Тыйым салынған қалаға кіру билеттерін саяхаттаушылар небәрі 10 минуттың ішінде сатып алып кетті. Кинотеатрларға да сұраныс артпақ.

Ню Шо, кинотеатр менеджері:

- Мереке күндері көрермендердің саны күрт өседі деп отырмыз. Бүгінгі таңда барлық фильмге билеттердің жартысы сатылып қойған. Демалыс күндері санитарлық талаптарды күшейтпекпіз. Мәселен, кино көруге келген адамдардың денсаулық кодын тексеріп, бетперде таққанын бақылаймыз.

Вирустан сақтану талаптарын орындау қажеттігін мамандар да айтып жатыр.

У Цзунью, ҚХР Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының бас эпидемиологы:

- Мереке кезінде жаппай іс-шараларды өткізуден және оларға қатысудан бас тартқан жөн. Қосуларды ұйымдастырмау және оларға қатыспау жөн. Сонымен қатар бетперде тағу, қол жуу, бөлмелерді желдету секілді сақтық шараларын ұстанған абзал.

Ботагөз Сырғабаева, тілші: 

- Биыл Қытай тұрғындары бір жарым жылда алғаш рет ұзақ демалысқа шығып, еркін саяхатқа бара алады. Тек сақтанып жүрсе болғаны. Жергілікті билік басқа шектеу қойып отырған жоқ. Елде індеттің өршуіне байланысты Жаңа жылда қытайлықтар үйлеріне бара алмай, жақын туыстарымен жолыға алмады. Енді адамдар мамыр айында бұл олқылықтың орнын толтырмақ. 

Автор: Ботагөз Сырғабаева