Парижде Наполеонға арналған көрме өтті

Парижде Наполеон қазасының 200 жылдығына арналған көрме өтті.

Бұл жерге қолбасшының Әулие Елена аралында қуғында өткізген соңғы күндеріне қатысы бар 200-ден астам зат пен көркем туынды қойылды.

Арасында императордың қайтыс болғанда киілген бетперде де, соңғы демін шығарған төсекке дейін бар. Тарихшылар Наполеонның өзі әскери данышпан ретінде халық санасында мәңгі қалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын айтады. Індет талаптарына байланысты әзірге бұл көрмеге көпшіліктің қатысуына рұқсат жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, француз қолбасшысы 1821 жылдың 5 мамырында 52 жасында қайтыс болған еді.

Лея Шарликар, үйлестіруші:

- Наполеон мәңгілік ұмыт болып қалуы әбден мүмкін еді. Алайда ол көзі тірі кезінде өмірінен естеліктер жазып, өзін азапталып өлген қаһарман ретінде көрсетіп кетті. Әйтпесе ол өмірінің соңғы кезеңінде жаман лашықта тұрған болатын.