429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Біріккен Араб Әмірліктерінде алғашқы автомеханик әйел пайда болды

  • 73
  • UPD: 23:50, 01.05.2021
Біріккен Араб Әмірліктерінде алғашқы автомеханик әйел пайда болды фото: Instagram

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) Шардж қаласының тұрғыны Худа әл-Матруши бұл елде алғашқы көлік механигі болып, өзінің жеке шеберханасын ашты.

Іскер әйелді кәсіпорынның ашылуымен Әбу-Даби қаласының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Заид әл-Нахайян құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әйелдің жұма күні Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-дегі жағдай бойынша, видео әлеуметтік желілерде 120 мыңнан астам рет қаралған. Желіде жарияланған роликте мұрагер ханзада көлігінің істен шығуына шағымданды. Оған жауап ретінде 36 жастағы әл-Матруши көлік жөндеу ісімен 16 жыл айналысып жүргенін айтып, оған бұған дейін кәсіп емес, хобби ретінде қарағанын айтып отыр.

«Мен бұл жұмысты жақсы көремін. Көлік жөндеумен 16 жыл бұрын айналыса бастасам да, өз шеберханамды енді ғана аштым», - деп атап өтті ол.

«Елімізде осындай тамаша адамдардың болғанын мақтан тұтып, сізді қолдаймыз», - деп қосып өтті әл-Нахайян.

2012 жылы БАӘ-де электр пойызын жүргізетін алғашқы машинист әйел – 28 жастағы Мәриям әл-Сафар Дубай метрополитеніне жұмысқа орналасты.

Хабар 24 телеарнасы