Crew Dragon экипажы жерге оралады

SpaceX компаниясына тиесілі Crew Dragon кемесінің экипажы Халықаралық ғарыш станциясынан шықты.

Бұл туралы Наса агенттігі хабарлады. Енді ол 6 жарым сағаттан соң Атлант мұхитына қонуы керек. Айта кетейік, экипаж құрамында 4 ғарышкер бар. Олардың үшеуі америкалық, біреуі жапониялық астронавт. Қолда бар мәлімет бойынша Халықаралық ғарыш станциясында Наса мен Роскосмос астронавтары қалған. Сонымен қатар Crew Dragon-2 кемесінің экипаж мүшелері бар.