Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері ортақ хаттамаға қол қойды

Қырғызстан мен Тәжікстан арадағы шекараның ортақ учаскесін белгілеу үдерісін жандандыруға келісті.

Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды. Тараптардың кездесуі Баткен облысында өткен. Қырғыз делегациясын Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Камчыбек Ташиев басқарған. Ал Тәжікстан тарапынан оның әріптесі Саймумин Ятимов қатысты. Делегация басшылары жанжалды бейбіт жолмен реттеу қажеттігін айтады. Осы отырыста тараптар ортақ хаттамаға қол қойды. Алайда оның мазмұнына қатысты мәлімет жоқ.

Айта кеткен жөн, бірер күн бұрын Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында су тарату бекетінде қарулы қақтығыс басталған болатын.