429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та казинодағы атыстан үш адам қаза тапты

  • 67
  • UPD: 17:09, 02.05.2021
АҚШ-та казинодағы атыстан үш адам қаза тапты

АҚШ-тың Висконсин штатындағы казинода атыс болып, үш адам қаза тапты. Қаза тапқандардың біреуі атыс шығарған қалмыскердің өзі.

Полиция шабуыл жасаған күдіктіні атып өлтірген.

Округтегі шериф кеңсесінің хабарлауынша, қаскүнем нақты бір адамды өлтіруді жоспарлап, мақсатты түрде әрекет еткен. Алайда ол іздеген адам ғимаратта болмай шыққан. 

Ақыры қылмыскер сол адамның таныстарын атқан, олардың екеуін өлтіріп, тағы біреуін жарақаттады.

Fox News

Хабар 24 телеарнасы