Кабулда жанармай тасығыш көліктің жарылысынан 9 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулда өрт салдарынан 9 адам көз жұмып, тағы 14 адам жараланды.

Кабулдың іргесіндегі аудандардың бірінде бензин тасығыш көлік жарылған. Артынша өрт жақын маңдағы өзге де жанармай тасығыштарді, жүк көліктер мен автомобильдерді шарпыған.

Куәгерлердің айтуынша, барлығы 50-ге жуық көлік зақымдалды. Оқиға салдарынан Кабулдың көптеген ауданында электр жарығы сөніп қалды.

Жарылысқа нақты не себеп болғаны белгісіз.

TOLO News