Үндістанға барып келген Австралия азаматтары сотталуы мүмкін

Австралия үкіметі 3 мамырдан бастап, соңғы екі апта ішінде Үндістанға барып қайтқан азаматтарына елге кіруге уақытша тыйым салады. 

Австралия Денсаулық сақтау министрі Грег Хант мәлімдеуінше, бұл шешім Үндістандағы Covid-19 таралуының ушығуына байланысты қабылданды.

Тыйым барлық азаматтарға, соның ішінде австралиялықтарға қатысты. Тыйымға бағынбаған азаматтар 33-тен 66 мың Австралия долларына дейін (шамамен 25,5-тен 51 мыңға дейінгі АҚШ доллары) айыппұл төлеуі немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. 

Сондай-ақ үкімет 15 мамырда Үндістандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл шешімін қайта қарауға ниетті. 

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша қазір Австралияда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 29,8 мың адамды құрайды. 

Еске салсақ, Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты.

BBC

Сондай-ақ...