Аргентинада коронавирус жұқтырғандар саны 3 млн-нан асты

Аргентинада коронавирус таралағалы дертті жұқтырғандар саны 3 миллионнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір күнде 11 мыңнан аса адам індет ілмегіне ілінген. Елде соңғы айларда індет қайта күшейіп, аруханалардың көбі науқастарға толған. Осыған байланысты дәрігерлер үкіметтен халықты вакциналауды және тестілеуді күшейтуді сұрап отыр. Айта кетейік, Аргентинада сәуірдің ортасынан бастап шектеу шаралары қатаңдатылған болатын.