Мадридте індет басталғалы бері алғашқы коррида өткізілді

Испания астанасы Мадридте індет басталғалы коррида, яғни бұқамен сайыс өнері алғаш рет өткізіліп, көрермендер кіргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара Лас-Вентас стадионанда өтті. Бірақ оған кіретін адамдар санына шектеу енгізілді. Олар арена сыйымдылығының 40-%-інен аспауы тиіс. Сонымен қатар көрермендер бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы шарт. Алайда кей ұйымдар індет ушығып тұрған кезде биліктің корридаға адамдарды кіргізуіне наразылық танытып жатыр. Денсаулық сақтау өкілдері де бұл шара адамдардың вирусты жаппай жұқтыруына әкеле ме деп алаңдаулы.