427,14 517.06 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай тұрақты

  • 88
  • UPD: 09:56, 03.05.2021
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай тұрақты

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс болған аудандарда жағдай тұрақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі мемлекет те атысты тоқтату туралы келісімді сақтауда. Бұл туралы Тәжікстанның Исфара қаласы әкімшілігі мәлімдеді. Шаһар тұрғындары үшін жолдар ашылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіле бастаған. Ал Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жақында халыққа үндеу жолдап, тұрғындарды өз үйлеріне оралуға шақырды. Қираған үйлерді қалпына келтіруге уәде берді. Сонымен қатар оқиғаны тергеуді тапсырып, бейбітшілікті сақтау үшін қақтығыс болған аудандарда тұратын ақсақалдардан комиссия құруды ұсынды.

Еске сала кетейік, сәуірдің 28-і күні Баткен ауданының Көк-Таш ауылындағы суды бөлу бекетінде жанжал туындап, оқиғаның соңы қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығысқа әкелді.

Хабар 24 телеарнасы