Сан-Диего қаласына жақын жерде қайық апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты

АҚШ-тың Сан-Диего қаласына жақын жерде қайық апатақа ұшырап 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 27 кісі жарақат алды. Оқиға Пойнт-Лома түбегіне жақын жерде болды. Адамға толы қайық теңізде толқынға тап болып, жартасқа барып соғылған. Полицияның хабарлауынша, ол заңсыз мигранттарды тасымалдаумен айналысқан болуы мүмкін. Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.