Италияда жағажайлар ашыла бастады

Италияда коронавирусқа қарсы шектеулер жеңілдетіліп, жағажайлар ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір елдің көп аймағында індеттің таралуы бәсеңдеп, эпидемиологиялық ахуал тұрақталған. 20 өңір індет саябырлаған «сары» түсті аймаққа енді. Бұл жерлерде өткен аптадан бастап мейрамхана мен дәмханалар ашылып, оқушылар мектепке оралды. Ал жергілікті билік мамырдың аяғына дейін жасы 65-тен асқан тұрғындардың барлығын вакциналап бітіруді жоспарлап отыр. Қазірге дейін елде 6 миллионнан аса адам екпенің екі бірдей дозасын алған.