Бангладеште адам толы қайық баржаға соғылып, 25 адам көз жұмды

Бангладеште адам толы қайық баржаға соғылып, 25 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бірнеше кісі із-түзсіз жоғалып кетті. Оқиға Шибчар қаласына жақын жерде Падма өзенінде болды. Апат кезінде қайықта 30 адам отырған екен. Құтқарушылар тек 5-еуін судан аман алып шықты.