Қырғызстан мен Тәжікстан әскерін алып кетуді аяқтады

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы әскерлерін алып кетті.

Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәлімдеді. Әскерилер, сондай-ақ өткен түні шекарада атыс немесе өзге де оқыс оқиғалар болмағанын жеткізді. Қазір екі елдің бірлескен комиссиясы шекара аумағын қадағалап, тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, сәуірдің 28-і күні Баткен ауданының Көк-Таш ауылындағы өзен суына қатысты жанжал туып, қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болған еді