Француз суретшісі мұхиттан жиналған пластик қалдықтарынан мүсіндер жасайды

Жан Скудери осы арқылы адамдардың назарын қоқыс мәселесіне аударуды ойлайды.

Оның пікірінше, қазір мұхиттар мен теңіздер адамзаттың көмегіне зәру. Мұны бізге жіберілген апат белгісі деп қарау керек дейді суретші. Ал шебер өзінің туындылары үшін пластиктерді жағажайдан жинайды.

Жан Скудери, суретші:

– Қоқыс жәшігіне тасталған заттың көбі қайта өңделмейді. Сондықтан бей-берекет шашылып, ұшып, одан әрі теңіз бен мұхиттарға жетеді. Содан қайтадан жағаға шығып, қоршаған ортаны ластап жатады.

Сондай-ақ...