425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үндістанда 300 мектеп вакциналау орталығына айналады

  • 231
  • UPD: 19:42, 03.05.2021
Үндістанда 300 мектеп вакциналау орталығына айналады

Үндістанда коронавирустан бір күнде қайтыс болғандар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелді.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі таратқан соңғы мәлімет бойынша, кешелі бері 3689 адам ажал құшқан. Осыған байланысты билік вакциналау науқанын жеделдетуге кірісті. Ел астанасы Нью-Делидегі мектептерде бірнеше екпе орталығы ашылды. Бұл орындарға негізінен 18-45 жас аралығындағы тұрғындар шақырылады. Билік өкілдерінің жоспары бойынша, кемінде 300 мектеп вакциналау орталығына айналмақ.

Раджат Дайал, екпе салдырған тұрғын:

– Мүмкіндігінше вакцинаны тезірек салдырыңыздар. Бұл өте маңызды іс-шара. Ковидтің екінші толқыны үлкен қауіп төндіріп тұр. Барлық адамды екпе қабылдау арқылы індеттің таралуын бірге тоқтатуға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы