Соңғы мәлімет бойынша, бұл жерде індеттен 2 адам қайтыс болып, 19-ы жұқтырған.
Эпидахуалдың нашарлауына шатырларда санитарлық талаптардың дұрыс сақталмауы себеп. Бұл лагерьде 59 мыңнан астам адам бар. Барлығы – атышулы «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымына мүше болғандардың отбасы. Сондықтан тұрғындардың 80 проценттен көбі – бала-шаға. Сол балалардың үштен екісінің жасы 12-ге толмаған жеткіншек. Лагерлердің көпшілігі жергілікті сириялықтар мен ирактықтар, 10 мыңға жуығы – өзге 57 елдің азаматы.
Айта кетейік, 28 наурызда сириялық белсенділер «Адамгершілік және қауіпсіздік» атты үгіт-насихат операциясын бастап, осындағы «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымын жақтайтын 125 радикал қамауға алынған. Соның арқасында лагерьде кісі өлтіру қылмысы 85 процентке азайған. Әйтпесе жыл басынан бері 47 адам кісі қолынан қаза болған еді.
Афаф Хусейн, босқын:
– Бұл жерге азық-түлік 3 айда бір рет келеді. Кейде төртінші айға дейін тамақ түспейді. Сондықтан қатты үнем жасауымыз керек. Шатырлар әбден ескірді. Біз келген 3 жылдан бері ешбірі ауыстырылған жоқ.