429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 154 миллионнан асты

  • 99
  • UPD: 07:50, 04.05.2021
Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 154 миллионнан асты

Әлемде коронавирус індетінен көз жұмғандардың саны 154 млн адамнан асты. 

Ауруды ең көп жұқтырғандар АҚШ, Үндістан, Бразилияда көп тіркелуде. Ақпарат көздері 3 млн 200 мыңнан астам адам осы індеттің құрбаны болғанын хабарлайды. Соңғы 3 күн ішінде вирус 37 мыңнан астам дімкәс жанның өмірін жалмаған.

Бүгінде әсіресе Үндістандағы эпидемиологиялық ахуал күрделі. Мұнда тәулігіне шамамен 400 мың науқас анықталды. Сарапшылар бұл статистика ауруханаға жатқандардың арасында ғана жасалып отырғанын айтады. Ал шын мәнінде олардың саны әлдеқайда көп екеніне сенімді.

Айта кетейік, қазір Үндістанда коронавирусқа қарсы екпенің жетіспеушілігінен вакцинация науқаны тұралап тұр. Бұған қоса елде дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар тапшы.

Хабар 24 телеарнасы