Бразилия халқына Қытай вакцинасын салуды тоқтатады

Рио-де-Жанейрода тұрғындарға Қытайдың «Синовак» компаниясы шығарған вакцинаның екінші дозасын салу уақытша тоқтатылды. Оған препараттың жетіспеушілігі себеп. Өйткені Қытайдан екпені жеткізу тоқтап қалған. Осыған байланысты мамандар «бұл вакцинаның бірінші дозасын салдырғандардың арасында вирусты жұқтыру күшейе ме» деп алаңдап отыр.

Ал мәліметке қарағанда қазірге дейін бұл елге қытайлық вакцинаның 42 миллион дозасы жеткізіліпті. Препараттың 5 миллион доза көлеміндегі соңғы партиясы екі апта бұрын әкелінген.  

- Бұған жүйе кінәлі. Өйткені ол нашар ұйымдастырылған. Бірақ қалай болғанда да екінші дозаны аламын деп үміттенемін.

- Вакцинаның жоқтығы алаңдатады. Себебі дертке шалдығып қалуымыз мүмкін. Ал бұл вирусты жұқтырсаңыз жазылу қиын.

Сондай-ақ...