427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Каролина штатында табиғат тосын мінез танытты

  • 71
  • UPD: 14:04, 04.05.2021

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында бұршақ жауды.

Куәгерлердің айтуынша, оның көлемі бірнеше сантиметрге дейін жетеді.

Елдің оңтүстік өңірінде қырық құбылған күн райынан төрт бірдей штатта торнадо басталу қаупі жарияланды. Аймақта тұрған қатты желден ағаштар түп тамырымен жұлынып құлап жатыр. Салдарынан көше жолдары жабылып, көлік қатынасы тежелді. Кей аудандарда электр желілері үзіліп, халық жарықсыз қалды.

Хабар 24 телеарнасы