Испания жағалауында 42 мигрант құтқарылды

Испанияның жағалау күзеті Гран-Канария аралына жақын жерде 42 мигрантты құтқарып алды. Бағытынан адасып, теңізде тұрған қайықта 18 әйел мен 3 бала болған.

Мамандар келімсектердің арып ашығанын айтады. Мигранттар Аргинегин портына жеткізіліп, коронавирусқа қарсы тексерілген. Осыдан бірнеше күн бұрын әскерилер 16 мигрантты құтқарып алған болатын.

Испания билігінің мәлімдеуінше, соңғы жылдары Канар аралдарына бет алған мигранттар саны күрт өскен. Сарапшылар оған індеттен Солтүстік және Шығыс Африкадағы елдердегі көптеген саланың дағдарысқа ұшырауы себеп деп отыр.

Сондай-ақ...