Перуде медицина қызметкерлері ереуілге шықты

Перудің Лима қаласында медицина мамандарының ереуілі өтті. Аурухана алдында жиналған ақ халатты жандар еңбек жағдайына наразы.

Айтуынша, науқастарды емдеу үшін дәрі-дәрмек пен өкпені жасанды желдету аппараттары жетіспейді. Мамандар ел президенті мен денсаулық сақтау министрінің жұмысын қатаң сынға алып, кей шенеуніктердің отставкаға кетуін талап етті. Шара ұйымдастырушылары наразылық акцияның өзге де елдерде жалғасатынын айтып отыр. 

Хуан Карлос Янс, дәрігер:

- Билік бізге қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін еш шара қолданып жатқан жоқ. Науқастарды емдеу үшін де жағдай жасалынбаған. Дәрігерлер дәрі-дәрмектің жоқтығына наразы. Қазір өкпені жасанды желдету аппараттары өте қажет. Ол да жоқ. Тіпті шарасыз қалдық.