Мехикода көпірдің құлауынан қаза тапқан адам саны 23-ке жетті

Мексика астанасында метроға арналаған көпір апатынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті. Ал жарақат алғандар қатары 63-ке көбейді.

Апат көпір үстімен метро пойызы кетіп бара жатқанда болып, оның астындағы бірнеше көлікті басып қалды. Қазір оқиға болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Апаттың себептері анықталуда.

Айта кетейік, Мехиконың метро желісінде қаңтар айында тағы қайғылы оқиға тіркеліп, 29 кісі жарақат алып, 1 адам опат болған еді. Ол кезде бір станцияның диспетчерінде өрт шыққан.

Сондай-ақ...