Джо Байден босқындар санын көбейтті

Джо Байден АҚШ-қа биыл 62 500 босқынды қабылдайды.

Бұл туралы, яғни босқындарға арналған квоталардың көбейгенін Ақ үйдің сайты жарияланды. Бұған дейін Құрама Штаттар 15 мың ғана босқын қабылдап келген. Сарапшылар: «Дональд Трамп енгізген бұл шек соңғы 40 жылдағы ең төменгі көрсеткіш», дейді. Ал Байден: «Бұл Америка ардақ тұтатын құндылықтарға сәйкес келмейді» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, босқындар саны алдағы уақытта 125 мыңға дейін жетуі тиіс.

Серджио Луна, «Мигранттар үйінің» директоры:

- АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден босқындар қатарын көбейтіп жатқанын көріп отырмыз. Сонымен қатар АҚШ пен Мексиканың және басқа елдердің үкіметтерінің арасында мигранттар нөпірін тежеу туралы келісімдер жасалып жатқанын да байқаймыз. Мексикада тіпті Америкаға бармақ болғандарды қамауға алып жатыр. Бірақ біздің билік бұл нөпірді тоқтата алмайды.