Техас штатында үш жүк көлігі соқтығысып, аударылып қалды

АҚШ-та құбылған күн райынан жол-көлік апаттары жиілеп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Торнадо басталу қаупі бар Техас штатында 3 жүк көлігі соқтығысып, аударылып қалған. Оқиғадан екі адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Апат орнына бірнеше өрт сөндіру техникасы тартылды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Апаттың нақты себебі анықталып жатыр. Жергілікті билік ауа райы тұрақталмайынша тұрғындарды уақытша жолға шықпауға шақырады.