427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байден екпе қабылдаған тұрғындардың санын арттырмақ

  • 81
  • UPD: 07:56, 05.05.2021
Байден екпе қабылдаған тұрғындардың санын арттырмақ

АҚШ президенті Джо Байден шілде айының 4-іне дейін елдегі ересек адамдардың 70 процентіне екпенің тым құрғанда 1-дозасы егіледі деген мақсат қойды.

Осылайша Американың Тәуелсіздік күніне орай 160 млн халыққа вакцина салдырып, қалыпты өмірге оралуды көздеп отыр. Ақ үй қожайыны штат басшыларына вакцинаның қолжетімділігін қамтамасыз етуді бұйырды. Айтуынша, препарат кез келген дәріханада табылуы тиіс.

Айта кетейік, бүгінде АҚШ-та шамамен 105 млн адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын қабылдап үлгерді.

Джо Байден, АҚШ президенті:

– Алдағы екі айдың ішінде вакцинация науқанын жеделдетіп, 160 млн халыққа екпе егуді мақсат етіп отырмыз. Бұған оңайлықпен қол жеткізе аламыз. Препараттың саны жеткілікті. Азаматтарды белсенділік танытуға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы