Таиландта вакциналау жоспарына өзгерістер енгізілді

Таиланд астанасы Бангкоктың халық көп шоғырланған ауданында тұрғындарды жаппай вакциналау басталып кетті.

Өйткені жақында мұнда коронавирус ошағы тіркелген. Бұл ауданда бірнеше күнде індетті жұқтырудың 300-ге жуық дерегі тіркелген екен. Сол себепті вирустың әрі қарай тарауын болдырмау үшін мамандар екі апта ішінде 50 мың адамға екпе салуға ниетті. Айта кеткен жөн, Таиландтағы вакцианалау жоспарына сәйкес қазір препаратты медицина қызметкерлері ғана алып жатыр. Екпені өзге тұрғындарға салу тек маусымға ғана жоспарланған. Өйткені жазда Астаразенека компаниясы вакцинасының 60 миллион дозасы дайын болу керек.

Суксан Киттисупакорн, Таиланд денсаулық сақтау министрлігінің өкілі:

– Коронавирустың қаупі күшеймесе, азаяр емес. Ол мутациялармен байланысты. Кейінгі 5 күнде елімізде індеттен 100-ге жуық адам көз жұмды. Бұл сандардан жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін аңғаруға болады. Сондықтан вирус ошағы тіркелген ауданда вакцианалау жұмыстарын бастауға тура келді.

Сондай-ақ...