Бразилияда балабақшаға жасалған шабуылдан 3 бүлдіршін мерт болды

Бразилияның Санта-Катарина штатында жеткіншек балабақшадағы адамдарға пышақпен шабуыл жасап, 3 бала мен 2 қызметкерді мерт қылды.

Оқиға Саудаде қаласында болды. Шабуыл кезінде ғимартта 30 бала болған. Жеткіншек шабуылдан кейін өзіне қол жұмсауға оқталған кезде жақын маңдағы адамдар оны ұстап, кедергі жасаған. Қазір қаскөй ауруханада. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны әлі белгісіз. Тергеу жүріп жатыр. Санта-Катарина штатында 3 күн қаралы деп жарияланды.