425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Израиль шекарасын қайта жауып жатыр

  • 286
  • UPD: 09:53, 05.05.2021
Израиль шекарасын қайта жауып жатыр

Билік елге коронавирустың жаңа штамы кіре ме деп алаңдаулы.

Себебі екпелердің COVID-19-дың жаңа түрлерінен қорғайтыны туралы мәлімет аз. Сондықтан жаңа штамдарға тосқауыл қою үшін Үндістан, Бразилия, Украина және Мексикамен әуе байланысы шектелді. Шетелден келушілер жіті тексеріледі. Қызыл аймақтан келген азаматтар екі күндік карантиннен өтуі тиіс. Қазірге дейін бір азаматтан чилилік және 60 адамнан үндістандық штам анықталған.

Хази Леви, Израиль денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры:

- Вакцинаның жаңа штамдардан қорғайтыны туралы нақты ақпарат жоқ. Бұл мәселеге қатысты мәліметтер өте аз. Сондықтан елге коронавирустың жаңа түрлері енбеу үшін шетелге шығуға шектеу қою керек.

Елде егде жастағы адамдарды вакциналау оң нәтиже беріп, вирусты жұқтырғандар күн сайын азаюда. Соңғы күндері коронавирус тек 50 адамнан анықталды. Ауруханаларда ауыр халде жатқан науқастар жоқ. Ал өлім-жітім мүлде тіркелмеген. Соңғы шектеулер алынып, экономика жандана бастады.

Хабар 24 телеарнасы