Ресей қалаларында Жеңіс парадына дайындық жүріп жатыр

Салтанатты шара биыл әдеттегідей өткізілмек.

Бірақ эпидемиологиялық ахуал нашар қалаларда шеруге тыйым салынды. Ал кей аймақтарда парадқа тек антиденесі бар немесе коронавирусқа қарсы егілген және ПТР-тест тапсырған адамдарды ғана кіргізу көзделген. Қорғаныс министрлігі Мәскеудегі парадқа қатысатын 12 мың адамның барлығы вирусқа қарсы егілгенін айтады. Қызыл алаңға кіретін көрермендер үш рет ПТР-тест тапсырады. Шараға жасы 100-ден асқан 15 ардагерлерді де кіргізу қарастырылған. Бірақ бұл жолы шетелден қонақтар шақырылмайды.

Сондай-ақ...