Калифорнияда ер адам аялдамада тұрған екі әйелге пышақ жарақатын салды

Калифорния штатындағы Сан-Францискода ер адам екі әйелге пышақпен шабуылдады.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам аялдамада автобус күтіп тұрған әйелдердің жанына бірден келіп, пышақ жарақатын салды. Одан соң өте сабырлы түрде оқиға орнынан кетіп қалған.

Екі әйел де ауруханаға жеткізілді. Полиция күдіктіні ұстады.