Pfizer вакцинасына сұраныс артып барады

Pfizer компаниясы 2021 жылы өз вакцинасын 70 процентке артық сатуды жоспарлап отыр.

Фармацевтикалық компания басшысының айтуынша, сатылым жоспары 26 млрд долларға дейін жетуі ықтимал. Мәселен, әлем елдерінен түскен сұраныс күннен күнге артып барады. Күні бүгінге дейін сомасы 1,6 млрд доза вакцинаға келісімшарт жасасты. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті бірнеше есеге арттыруды көздеп отыр.

Айта кетейік, компанияның биылғы жылдың бірінші тоқсанында түскен таза табысы 4,88 млрд долларды құрап отыр. Нарықтағы акцияларының құны да үздіксіз өсіп барады.