427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстан президенті жаңа конституцияға қол қойды

  • 80
  • UPD: 14:02, 05.05.2021
Қырғызстан президенті жаңа конституцияға қол қойды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің жаңа конституциясына қол қойды.

Салтанатты рәсімге парламент депутаттары, үкімет мүшелері, қоғам қайраткерлері қатысты. Жаңа конституцияға сай елде басқару жүйесі президенттік болып өзгертілді. Парламент депутаттарының саны 120-дан 90-ға дейін қысқартылды. Президент енді бұрынғыдай бір рет 6 жылдық мерзімге емес, 5 жылдан 2 рет сайлана алады. Еске сала кетейік, Қырғызстанда сәуірдің 11-і күні конституциялық референдум өтіп, жаңа Атазаңды сайлаушылардың 80 проценті қолдаған еді.

Хабар 24 телеарнасы