Чилиде тұрмысы төмен отбасыларға ауылшаруашылық өнімдері тегін таратылды

Чили астанасы Сантьягода тұрмысы төмен жүздеген отбасыға ауылшаруашылық өнімдері тегін таратылды.

Қайырымдылық жәрмеңкесін елдегі кәсіпкерлер мен фермерлер ұйымдастырды. Жәшікке салынған өнімдер қарт адамдарға, коронавирусқа шалдыққан отбасыларға және жұмысынан айырылғандарға үлестірілді. Ал ресми дерекке сүйенсек, Чилиде былтыр індеттен халықтың бестен бір бөлігі жеткілікті көлемде азық-түлік ала алмаған.

Виктор Орельяна, қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы:

– Індет кезінде үкімет халықты дағдарыстан қорғау үшін жеткілікті дәрежеде шаралар қабылдаған жоқ. Адамдардың көбі жұмысынан айырылып, билік тарапынан қолдаусыз қалды. Сондықтан мұндай шара тұрмысы төмен отбасыларға аз да болса көмек болды деп сенеміз.