Мексикада метро көпірінің құлауынан қаза тапқандар саны артты

Мексикадағы құлаған метро көпірінен қаза тапқандардың саны 25-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір жарақат алған 80-ге жуық адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Мамандар мерт болғандардың саны тағы артуы мүмкін дейді. Өйткені қирандылар астында тағы адамдар болуы ықтимал. Көпірдің басқа бөліктерінің қирау қаупі болғандықтан, құтқару жұмыстары уақытша тоқтатылды.