427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израиль Сирияны әуеден атқылады

  • 245
  • UPD: 21:34, 05.05.2021
Израиль Сирияны әуеден атқылады

Израиль Сирияның солтүстік-батысын зымыранмен атқылады.

Араб елінің мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдан 1 адам қаза тауып, тағы алтауы жарақат алған.

Құрбан болған және зардап шеккен тұрғындардың барлығы бейбіт тұрғындар. Арасында бір бала мен оның анасы бар.

Аумақта пластик шығаратын фабрика мен бірнеше нысан қираған. Сирия әуе қорғаныс күштері де еврейлердің бірнеше зымыранын қағып түсірді.

Естеріңізге сала кетейік, Израиль осыдан 2 апта бұрын да Сирия аумағына шабуыл жасаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы