Үндістанда бір күнде 4000-ға жуық адам көз жұмды

Үндістанда індет өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір күнде бұл елде жұқпалы кеселден 3700 адам көз жұмды. Бұл Үндістанда індет таралғалы ең жоғарғы көрсеткіш. Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрілгі әлемде вирусты жұқтыру дерегінің жартысы осы елде тіркеліп жатқанын айтады. Ауруханалар науқастарға толып, орын жетіспеуде. Салдарынан адмдардың дерттен көшелерде қайтуы жиілей түскен. Өзге мемлекеттердің көмегіне қарамастан әлі күнге дейін науқастардың жасанды демалуына қажетті оттегі жетіспей жатыр.