Мароккода 25 жастағы Мали тұрғыны бірден тоғыз баланы дүниеге әкелді

Олардың бесеуі қыз, төртеуі ұл бала, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастапқыда дәрігерлер жүкті әйелдің құрсағында 7 бала бар деген. Дәрігерлер барлық 9 шақалақтың да дені сау екенін айтады. Гиннес рекордтар кітабының өкілі бұл оқиғаға қызығушылық танытып, бірден 9 нәрестені туған жағдай алғаш рет тіркеліп отырғанын айтып, электронды хат жолдады.

Айта кетейік, АҚШ-та 2009 жылы Надя Сулеман есімді америкалық тұрғын бірден 8 баланы дүниеге әкеліп, Гиннес рекордтар кітабына кірген болатын .