Мехикодағы метро көпірінің құлауына не себеп болғаны айтылды

Мехикодағы метро эстакадасының құрылымындағы ақаулық оның құлауына себеп болған.

Бұл туралы қаладағы қоғамдық жұмыстар министрі Хесус Антонио Эстева мәлімдеді.

«Бұл оқиға элементтердегі құрылымдық ақаулар салдарынан болғаны анық, бұл жағдайда металл құрылымдардың ақауы», - деді Эстева.

Апаттан 25 адам қаза болды, тағы 80-ге жуық адам жарақат алды.