АҚШ-та екі үлгідегі жүгіру жолы сатылымнан шығарылды

АҚШ-тың Peloton компаниясы өзінің жаттығуға арналған екі модельдегі жүгіру жолын сатылымнан қайтара бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған өндіріс компаниясына тұтынушылардан түскен 70-тен астам шағымы себеп болды. Халық қолдану барысында алған жарақаттары жайында хабардар еткен. Белгілі болғандай оралатын жолға бала түсіп мерт болған жағдай да тіркелген. Тіпті үй жануарлары да зақымдалып қалған оқиғалар да орын алған. Енді Peloton компаниясының мамандары тауарды сатып алғандар тұтынушыларды жүгіру жолын пайдаланудан бас тартып, ақшасын қайтарып алуды ұсынып отыр.

Джозеф Мартьяк, Тұтынушы тауарларының қауіпсіздігі комиссиясының өкілі:

– Осыдан екі жарым апта бұрын тұтынушыларды болған жазатайым оқиға жайында ескерткен едік. Күні бүгінге дейін мұндай жағдайлардың саны 70-тен асты. Олардың 29-ында балалар жарақат алған. Өкінішке қарай, бір бала қаза тапты.