Англияда Камбрия графтігінің шалғайдағы қаласында сутегі станциясы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті тұрғындар енді үйлерін осы қарапайым затпен жылытады. Сутегі газ құбыры арқылы жеткізіледі. Британия үкіметі 2035 жылға қарай көміртегі қалдығын 1990 жылғы деңгейден 60 процентке дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Ал 2050 жылы осы зиянды затты қоршаған ортаға таратуды мүлде тоқтатпақ. Осылайша, Британия ғаламдық климаттық өзгерістердің теріс салдарын жоюға үлес қосуға ниетті.
Айта кетейік, Біріккен Корольдікте тұрғын үйлердің 85 проценті табиғи газды пайданалады. Бұл – экологиялық жағынан толық таза отын емес.
Энтони Грин, инженер:
– Бұл негізі оңай шаруа емес. Сутегінің барлық жағынан қауіпсіз екенін дәлелдеуіміз керек. Қазір біз қолданып жатқан құбырлардың жарамдылық мерзімі 50 жыл.