Starship SN15 ғарыш кемесін сынау сәтті өтті

SpaceX компаниясының Starship SN15 ғарыш кемесінің түп-тұлғасын ұшыру сынағы сәтті өтті, деп хабарлайды  «Хабар 24».

Шара Техас штатындағы Бока-Чика полигонында жүзеге асырылды. Ғарыш кемесі 10 шақырым жерге дейін көтеріліп, содан соң жерге сәтті қонды. Сынақ 6 жарым минутқа жалғасты.

Айта кетейік, бұл SpaceX компаниясы ғарыш кемесін бұған дейін де бірнеше рет сынақтан өткізген. Бірақ ол кездерде зымыран жарылып, сынақтың бәрі сәтсіз аяқталған еді. Жалпы Starship SN15 адамдарды Ай мен Марсқа ұшыруға арналған. Ол 100 тоннаға дейін жүк алып ұша алады.

Сондай-ақ...