Ұлыбритания Ла-Манштағы Джерси аралына патрульдік кемелерін жібермек

Оған Францияның аралға электр энергиясын беруді тоқтатамыз деп ескертуі себеп.

Өйткені Джерси билігі Еуроодақ пен Ұлыбритания арасындағы сауда және ынтымақтастық келісіміне сәйкес осы ауданда балық аулауға қатысты жаңа тәртіп енгізген. Оған сай француз кемелері бұған дейін өңірде осы кәсіппен айналысқанын растау керек. Ал Франция билігі бұл Брексит келісімне қайшы деп отыр.

Айта кетейік, Джерси – Нормандия аралдарындағы ең ірісі. Ол Франциядан 23, ал Ұлыбританиядан 140 шақырымдай жерде орналасақан. Арал Біріккен корольдік құрамына кірмегенмен, Ұлыбритания иелігінің жері болып саналады.