Камбоджа астанасында үш аптаға созылған қатаң локдаун алынды

Шектеулерді жеңілдетуге байланысты «сары» аудандар арасында жүріп-тұруға рұқсат етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ мейрамхана, дәмхана, стадиондар жабық болып, түнгі уақытта коменданттық сағат сақталады. Көшеде 10 адамнан артық кісінің жиналуына тыйым салынады. Ал мамандардың айтуынша, Пномпень аймағында індеттің таралуы бәсеңдеген. Айта кетейік, Камбоджада індет таралғалы коронавирусты 17 мың адам жұқтырған.

Блиц 1:

- Шешім қатты қуанта қойған жоқ. Себебі базарда жұмыс істеуші едім. Олар әлі ашылған жоқ. Сондықтан жеміс-жидекті көшеде заңсыз сатуға мәжбүрміз.

Блиц 2:

- Оқшаулау кезінде жұмыс істей алмай, тамақ сатып алуға ақшамыз жетпей қатты қиналдық. Сондықтан карантиннің жеңілдетілгеніне қуаныштымыз.