427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мальдив аралдарында түнгі коменданттық сағат енгізілді

  • 135
  • UPD: 07:15, 07.05.2021
Мальдив аралдарында түнгі коменданттық сағат енгізілді

Мальдив аралдарында түнгі уақытқа коменданттық сағат жарияланды. Сондай-ақ басқа аралдарға барыс-келіске де тыйым салынды.

Бірақ жекеменшік курорттарға барушыларға шектеу жоқ, тек коронавирусқа қарсы тестінің теріс нәтижесін көрсету қажет. Сондай-ақ мешіттерде әлеуметтік арақашықтықты сақтау міндеті енгізілді. Шектеулерді жариялауға соңғы аптада індет жұқтырғандар қатарының 318-ден 734 адамға жетіп, 2 есе өсуі себеп болған. Ауызашарларға және өзін өзі басқару сайлауына қатысу кезінде адамдар көп жиналған.

Хабар 24 телеарнасы