Мальдив аралдарында атыстан елдің экс-президенті жараланды

Мальдив астанасында жарылыс болып елдің бұрынғы президенті, Халық мәжілісінің спикері Мохамед Нашид жарақат алды.

Жарылыстан саясаткердің оққағары және бір шетелдік турист жапа шеккен. Оқиға Нашидтің үйіне жақын жерде болды. Зардап шеккендер бірден ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер саясаткердің өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтады. Ал жарылысты кімдер ұйымдастырғаны әлі белгісіз.

Айта кетейік, 53 жастағы Мұхамед Нашид Мальдив республикасын 2008-2012 жылдары басқарған.

Сондай-ақ...