427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияда карантин күшейтілді

  • 123
  • UPD: 09:56, 07.05.2021
Индонезияда карантин күшейтілді

Индонезия билігі ел ішінде жүріс-тұрысқа тыйым салды. Бұған ковид-19 індетінің өршуі себеп.

Шектеулер 17 мамырға дейін күшінде болады. Осылайша Ораза айт кезінде коронавирустың таралу деңгейін шектеуге қазірден қам жасалып жатыр. Ел астанасы Джакартаға кіреберіске бекеттер қойылды. Кіріп шыққандарда арнайы рұқсат қағазының бар-жоғы тексерілуде.

Айта кетейік, Индонезияда індет басталғалы 1 миллион 700 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 50 мыңға жуық. 

Нұр Ванди, жергілікті тұрғын:

- Туған қалама қайтып баруға қорқамын. Себебі үкімет сапарға шығудан әзірге бас тарта тұруға шақырды. Біз мемлекет шығарған қаулының талабына құлақ асуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы