Норвегияда электрлі қайықты қуаттайтын құрылғы құрастырылды

Норвегияда электр қайықтарды қуаттауға арналған әлемдегі алғашқы құрылғы пайда болды.

Бір ерекшелігі, арнайы қосымшаның көмегімен оны автокөліктерге де қолдануға болады.

Жоба авторларының айтуынша, бұрындары автокөліктерді қуаттауға бірнеше сағат кетсе, жаңа жабдықтың арқасында енді көліктер небәрі жарты сағатта қуатталады екен.

Айта кетейін, мамандар электрмобильдерге арналған осындай қуаттау бекеттерін енді өзге елдер де ашуды көздеп отыр.