Таяу Шығыста жер дауы қақтығысқа ұласты

Иерусалимның шығысындағы жер дауы басылар емес.

Шейх-Джара ауданында Палестина мен Израильдің тәртіп сақшылары арасындағы қақтығыс бірнеше күннен бері жалғасып келеді.

Шиеленіс палестиналықтардың үйлері тұрған жерге қатысты болып тұр. Израиль соты оларды тұрып жатқан баспанасынан шығарып жіберу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Мәселен, палестиналықтардың үйлері, мейрамханалары мен қонақүйлері орналасқан жер еврейлерге тиесілі деген пікірде.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қақтығыстан бірнеше адам жарақаттанып, 9 адам қамауға алынды.

Аймақтағы жер дауына әлем елдері де алаңдаушылық білдіріп отыр. Жуырда Франция, Германия, Италия, Испания мен Ұлыбритания аймақтағы қақтығысты тоқтату үшін Израильді Иордан өзенінің батыс жағалаудағы құрылыс жұмыстарын тоқтатуға шақырды.